Роналду Пеленің рекордын жаңартып, оған үндеу жасады

301
«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду голдар саны бойынша футбол королі Пеленің рекордын жаңартып, бразилиялық аңызға үндеу жасады.
А сериясының 27-турындағы «Кальяриге» (3:1) қарсы матчта Роналду хет-трик жасап, карьерасында 770-голын соққан. Ал Пеленің еншісінде 767 гол бар.
«Бүгін кәсіпқой карьерамда ресми 770 гол соқтым, бұл сәтте менің алғашқы сөздерім Пелеге арналады. Дүние жүзінде оның ойындары, мақсаттары мен жетістіктерімен тәрбиеленбеген бірде-бір ойыншы жоқ. Мен де солай өстім. Сондықтан мен Пеленің рекордын жаңартып, дүние жүзінде ең үздік сұрмерген атанғанымды түсінгенде қуаныш пен мақтанышқа бөленемін. Мадейрада өскенімде мұндайды армандамадым да.Осы таңғажайып саяхатта менімен бірге болғанның бәріне рақмет. Командаластарыма, қарсыластарыма, әлемдегі әдемі ойынның жанкүйерлеріне және бәрінен бұрын отбасыма және жақын достарыма: сендерсіз қолымнан келмес еді, сеніңдер. Енді келесі ойын мен сынақтарды тағатсыздана күтемін! Кезекті рекордтар мен жүлделер! Бұл сапарым әлі аяқталған жоқ. Болашақ ертеңнен басталады, ал «Ювентус» пен Португалия әлі көп нәрсе жеңеді!», - деп жазды Роналду  өзінің Instagram-желісінде.