«Челси» Чемпиондар лигасының ширекфиналына шықты

258
Лондондық «Челси» Чемпиондар лигасының ширекфиналына шықты. 
Турнирдің 1/8 финалында лондондық клуб мадридтік «Атлетикомен» кездескен. Испаниядағы алғашқы ойында «Челси» 1:0 есебімен жеңген еді. 

Қарымта ойында да ағылшындар жеңіске жетті. Бірінші таймда Хаким Зиеш алаң иелерін алға шығарған. Матч соңында Эмерсон гол соғып, есепті 2:0 қылды. Осылайша, «Челси» мадридтік клубты екі матч нәтижесі бойынша 3:0 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының ширекфиналына жолдама алды. 

«Челси» (Лондон, Англия) – «Атлетико» (Мадрид, Испания) 2:0 (1:0). Бірінші матч – 1:0
Голдар: 
1:0 – Зиеш (34), 2:0 – Эмерсон (90+4)