Левит халықаралық турнирде француз боксшысын жеңіп, жартылай финалға шықты

368
Испанияның Кастельон қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде отандасымыз Василий Левит француз боксшысы Сейди Купені жеңіп, жартылай финалға шықты.
Турнирде 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан атынан Василий Левит өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда ол француз боксшысы Сейди Купемен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Левит жартылай финалға шығып, осы турнирде медаль алатындығы айқындалды. Айта кетейік, Василий Левит – Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері (2016), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2017, 2019), Азияның үш дүркін чемпионы (2009, 2015, 2017). Сонымен бірге, былғары қолғап шебері Қазақстан чемпионатында үш рет (2009, 2015, 2017) жеңімпаз болған.