Триатлоннан Қазақстан командасы Азия чемпионатына дайындық үстінде

324
Триатлоннан Қазақстан командасы Қырғызстанның Шолпан-ата аймағында жаттығу жиынын бастады. Команда құрамында Дарын Қонысбаев, Арина Шульгина және Александр Автушко  да тізімде бар. Спортшылар 24-25 сәуір күндері Жапонияның Хацукаичи қаласында өтетін Азия біріншілігіне дайындалады. Оқу-жаттығу жиыны наурыздың соңына дейін жалғасын тауып, дайындықтар жүргізіледі. Бірінші аптада жергілікті климатқа бой үйрететін спортшылар қалған үш апталықта қызу жаттығу өткізбекші. Осы орайда, триатлоннан биылғы маусым 10 сәуір күні Шымкентте өтетін Қазақстан біріншілігінде ашылады деп естеріңізге сала кетейік.