Алматылық "Қайрат" жеңіске жетті

514

Алматы қаласының футбол командасы «Қайрат» Қазақстан Суперкубогының үшінші орын үшін өткен матчында қарағандылық «Шахтерді» жеңді, деп хабарлады Prosports.kz. 

Матчтың бірінші таймында есеп ашыла қойған  жоқ. 51-минутта Жанәли Пайруз гол соғып, команданы алға шығарды.  Ал кейінгі минуттарда алматылық клуб есепті теңестіре алды. 63-минутта қорғаушы Денис Поляков қанжығасын майлады. Матч соңына қарай Вагнер Лавтың пасынан кейін Штрели Мамба гол соғып, «Қайратқа» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 2:1.  Енді ертең ел Суперкубогын елордалық «Астана» мен қостанайлық «Тобыл» сарапқа салатын болады.