Боксшы Айдос Ербосынұлы АҚШ-та жекпе-жек өткізетін болды

290
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы ендігі жекпе-жегін қайда өткізетінін мәлімдеді. Боксшының айтуынша, ол алдағы айқасын АҚШ-та өткізуді жоспарлап отыр. Қарсыласы ресейлік Евгений Шведенко болады деп күтілуде. Айта кетейік, Айдос Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін былтыр желтоқсан айында өткізді. Онда жерлесіміз ганалық Исса Самирді нокаутпен жеңген болатын.