Студенттер оқу ақысының негізсіз қымбаттағанына наразы

2 918

Фото: Pixabay.comАстана қаласындағы Өнер университетінің студенттері 2025–2026 оқу жылына белгіленген оқу ақысының күрт қымбаттағанына алаңдаушылық білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Астанадағы "Шабыт" яғни Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері оқу ақысының қымбаттағанына наразы. Олардың мәлімдеуінше, бекітілген сома өз құнына тұрмайды. Мәселен, университет ғимараты жыл бойы жөндеуде болғандықтан, студенттер Ramada қонақүйінде білім алған. Сондай-ақ өнер ордасы студенттерді мамандандырылған сынып, қажетті акустика, аспаптармен қамтамасыз етпеді дейді. Білім беру қызметінің деңгейі келісімшарт талаптарына сәйкес келмейтінін де айтып отыр. 

“Толығырақ түсіндіруді немесе университеттің шығындары туралы есеп беруді сұраймыз. Қалай және неге 1-4-курс студенттері үшін оқу ақысы – 1 200 000 теңге, ал 5-курстан жоғарыларға одан да көп болып кетті? Мұндай шығындар қайдан шықты? Оқу құны 940 мыңнан 27% өсті, дегенмен Қазақстандағы инфляция – 11,3%. Олар ақылы бөлімде оқитын студенттермен келіспестен, оқу ақысын 260 000-ға көтерген. Бағаны көтерудің себебін көрсетіңіздер, ашықтық қайда?”, – деп жазды студент.


 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.