Білім сапасы төмен жоғарғы оқу орындары жабылуда

2 527

Фото:© gov.kzҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сапасыз жоғары оқу орындарын жабу жұмыстары жалғасып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналистер үкімет брифингінде Ғылым және жоғары білім министрінен жоғары оқу орындарының жабылуы мен сот процестері туралы сұрады. Министр Саясат Нұрбек өткен жылдары 500-ден астам сот отырысына қатысып, 15 университеттің жабылғанын еске салды. Министрдің айтуынша, бұл жұмыс әлі жалғасуда. 

"Мәселен, алдыңғы жылы Ақтөбеде Қазақстан-Ресей халықаралық университеті толықтай жабылды. Өздеріңізге мәлім, шусыз өтті. Акционерлермен келісіп, студенттерін басқа университеттерге жібердік. Атырауда бір университет жабылды," – деді ол.

Қазіргі уақытта сот процестері Шымкент қаласында жалғасып жатыр.

 "Қазіргі уақытта Шымкентте Жоғарғы сот деңгейінде сот болып жатыр. Шымкенттегі өңірлік инновациялық университет бар, солармен де сот жүріп жатыр. Бұл жұмыс жалғасып жатыр," – деді министр.

Ведомство басшысы университеттердің жабылуына себеп болған заңбұзушылықтарды да атап өтті. 

"Білімнің сапасы жоқ. Тиімсіз, құжатсыз балаларды қабылдайтын университеттерді жаппай жауып жатырмыз. Өзім келгелі 3 университет лицензиясынан айырылды," – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің мәліметінше, алдағы уақытта да лицензиясы жоқ немесе сапасыз білім беретін оқу орындарына қатысты шаралар жалғасады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.