Кәмелетке толмаған балалалар мемлекет есебінен сақтандырылған

195

ЖСН алған сәттен бастап кәмелетке толғанға дейінгі барлық балалар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекет есебінен сақтандырылған,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі күні еліміздің емханаларына туылғаннан бастап 18 жасқа дейінгі (толық 17 жасқа дейінгі) 6,5 миллионнан астам бала тіркелген. Олардың барлығы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде де, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде де мемлекет жарналарын төлейтін азаматтардың жеңілдетілген санаты ретінде медициналық қызметтерге толық қол жеткізе алады.

Айта кету керек, жыл сайын емханаға тіркелген балалар саны артып келеді. 2021 жылы емханаларға азырақ – 6,46 миллион бала тіркелген. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесінің балаларға профилактикалық және медициналық қызметтер көрсетуге арналған шығындары да артып келеді.

Бүгінде бір балаға медициналық көмек көрсетуге орта есеппен 65,8 мың теңге жұмсалады. Бұл өткен жылғы шығындардан 11,7 мыңға артық.
Жалпы, ағымдағы жылдың өткен 9 айында ғана Қор балаларға 324 млрд теңгеге медициналық қызмет көрсетуді қаржыландырды.
Қор мамандарының есептеуі бойынша 2022 жылы осы бағытта қаржыландырудың 33 пайызға өскенін көруге болады.

Бұл ретте шығыстардың негізгі үлесін амбулаториялық-емханалық көмек алады (53%). Ағымдағы жылдың 9 айында ол 232 млрд теңгеге көрсетілді.

Балаларға тағы қандай қызмет түрлері көрсетілгендігін және осы қызметтерге қанша қаражат жұмсалғанын, біздің кестеден көре аласыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.