Тұтынушылардан түсетін шағымның 39,3 %-ы медициналық қызмет сапасына арналған

1 392

Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин тұтынушылардан түсетін шағымның 39,3 %-ы медициналық қызмет сапасымен байланысты екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Тұтынушылардың құқықтарын бұзушылықтар туралы өтініштердің саны жыл сайын 20% өсіп келеді. 2022 жылы министрлікте 30,2 мыңнан астам өтініш қаралды. Осыған ұқсас жағдай өзге мемлекеттік органдарда да байқалуда. 2022 жылы 50 мыңға жуық өтініш келіп түсті», - деген министр өтініш ең көп түсетін салаларды атады.


Олар:


- бөлшек сауда – 48%;

- тұрмыстық қызметтер – 19%;

- электрондық сауда – 9%;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 5,6%.


Өтініштердің саны мына салаларда ең көп өскен:


- қоғамдық тамақтану – 188%;

- көлік қызметі – 143%;

- медициналық қызмет – 113%;

- байланыс қызметі – 102%.


«Елімізде азаматтардың көбі мына салалар бойынша наразылық білдіреді:


- медициналық қызмет – 39,3%;

- байланыс қызметі (интернет-провайдер) – 33,3%;

- қоғамдық көлік қызмет – 30,7%;

- қоғамдық тамақтану – 24,4%», - деді Серік Жұманғарин Үкміет отырысында.