Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 11 адам көз жұмды
27 маусымдағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 15 және 1 өлім жағдайы тіркелді деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасы.
28 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 001 адам коронавирус инфекциясынан (–22 707 + және 1294 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 307 пациент стационарда, 16 694 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
474 адамның жағдайы ауыр,
98 пациенттің жағдайы өте ауыр,
66 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
1 тамыздан бүгінге дейін коронавирус пневмониясына барлығы:
шалдықты – 56 940 адам,
қайтыс болды – 984, жазылып шықты 52 203 науқас.
Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 26 маусымда коронавирус індетінен ел өңірлерінде 10 адам көз жұмды.
Жалпы, 13 наурыз – 26 маусым аралығында Қазақстанда коронавирусқа:
шалдықты - 419 800;
қайтыс болды - 4316 адам.