Үш науқасқа қазақстандықтың жүрегі мен бүйрегі трансплантацияланды
Елдің әр түкпірінен келген үш пациентке бір ағза донорының екі бүйрегі мен жүрегі трансплантатталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мереке алдындағы күні Ұлттық ғылыми онкология орталығы мен Астана қаласының Кардиохирургиялық орталығының трансплантологтары, кардиохирургтары, анестезиологтары мен мейіргерлері құрамындағы жоғары білікті дәрігерлер тобы санавиация бортында Павлодар облысына келді.
Сонымен қатар Астана қаласында күту парағында тұрған, бағдарламамен іріктелген реципиенттер қосымша талдаулар тапсыру үшін шақырылды.
Екінші бүйрек балаға Астанадағы Ана мен бала орталығында трансплантатталды.
Үшінші ағза – жүректі трансплантаттау Кардиохирургиялық орталықта жүргізілді.