Дәрігерлер 12 жыл бұрын науқастың ішінде хирургиялық қысқышты ұмытып кеткен

2 571

Фото: видеодан кадрҚарағанды облысында дәрігерлер операция жасаған кезде зейнеткердің ішінде хирургиялық қысқышты ұмытып кеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі “Патриот” порталына сілтеме жасап.


Отадан кейін ауруының себебін білмеген Бектұр Тоқмағанбетов 12 жыл бойы ем алып келген. Науқас қазір қаншама жыл бойы ауруына себеп болған дәрігерлерді кінәлап, істегендерін өтеуі керек деп талап қоюда. 


Науқастың айтуынша, ол ішіндегі темір қысқышпен 12 жыл өмір сүрген. Осы уақыт ішінде өзін нашар сезініп, компьютерлік томография пайда болғанға дейін ауруының себебін білмеген.


Бектұр Тоқмағанбетовқа кейін ота жасалған. Бірақ дәрігерлерге деген өкпе қалып отыр. Айтуынша, отбасы осы жылдар ішінде дәрі-дәрмек сатып алуға және тұрақты тексерулерге көп ақша жұмсаған. Ер адам сотқа жүгініп, онда ол әр жылы үшін 3 миллион теңге талап еткен. Бірақ сот оған небәрі 160 мың теңге өндіріп берген. Отбасы бұған келіспей депутаттар мен президенттен көмек сұрады.


“Бұл медициналық қателік күйеуімнен 12 жылдық саулығын алды. Денсаулық сақтау саласынан әр жыл қиналғаны үшін 3 миллион теңге талап еттік. Алайда сот әр жылға 160 000 теңге жеткілікті деп шешті. Құрметті депутаттар, бұл әділ сома деп ойлайсыз ба?” – деді Бектұр Тоқмағанбетовтың жұбайы.


Ол депутаттар денсаулық сақтау мәселесін үкімет деңгейінде көтеруі керек деп санайды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.