ҚАЗАҚСТАН МЕН ФРАНЦИЯ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ЖАНДАНДЫРУДА

2 119

Денсаулық сақтау министрлігіҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Францияның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сильван Гиогемен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тараптар денсаулық сақтау саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылап, қос ел халқының денсаулығын жақсартуға бағытталған жаңа серіктестік жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге келді.


Қазақстандағы, әсіресе Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы жүзеге асырылып жатқан ауылдардағы медициналық қызметтің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.


«Франция – денсаулық сақтау саласындағы біздің маңызды серіктесіміз. Біз денсаулық сақтауда екі жақты қарым-қатынасымызды ұзақмерзімді негізде дамытуға ұмтылудамыз және бүгінгі кездесу бірлескен жобалар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.


Ведомство басшысы БМСК Коалициясын құру туралы Меморандум мен 2026 жылға дейін денсаулық сақтауда қазақстан-француз ынтымақтастығын жандандыру бойынша Жол картасына қол қоюды қолдауды ұсынды.


Бүгінгі таңда екі ел арасындағы ынтымақтастық Франция Президенті Эммануэль Макронның 2023 жылы қарашада Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қол қойылған 11 келісім мен декларация шеңберінде дамуда.