Дәрігер жазда тамақты 12 сағаттан артық сақтамауға кеңес берді

1 791

Фото: Шарипа Әлиеваның жеке мұрағатынанҚазір жедел ішек инфекциясы өршитін мезгіл. Себебі неде, одан қалай сақтануға болатынын Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Шарипа Әлиева мәлемдеме жасады,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Маман күн ыстықта тамақ тез бұзылатындықтан, адамдардың улануы да тез екенін ескертті.

"Тамақтың бұзылған-бұзылмағанын ең бірінші кезекте иісі арқылы байқауға болады. Бірақ жаздыгүні дайын тамақты 12 сағаттан артық сақтамаған дұрыс, оның өзінде тоңазытқышта сақтаған абзал. Күн ыстықта үй жағдайында ас әзірлегенде түрлі тұздықтарды аз пайдалануға кеңес беремін. Өйткені тұздық қосылған тағамдар тез бұзылады және ол адам денсаулығына өте қауіпті", — деді Шарипа Әлиева.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.