Ғалымдар парацетамолдың өлімге әкелетін қауіпі барын анықтады

414

Эдинбург университетінің мамандары зерттеу жүргізіп, парацетамолды ұзақ уақыт қолдану жоғары қан қысымы бар науқастарда жүрек аурулары мен инсульт ықтималдығын арттыратынын анықтады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Зерттеуге 110 жоғары қан қысымы бар еріктілер қатысты. Екі апта ішінде олардың бір бөлігі күніне төрт рет парацетамол, ал басқалары плацебо қабылдады. Емнің екі түрін де пациенттер рандомды түрде, білмей қабылдады.

Бұл ретте қатысушылардың үштен екісі сондай-ақ, гипертонияға қарсы дәрі ішкен. Нәтижесінде адамдардың орташа қан қысымы жоғарылағаны анықталды.

Мамандардың пікірінше, парацетамолды үнемі қабылдау жүрек ауруы немесе инсульт қаупін шамамен 20 пайызға арттырады. Адамдар препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін, олардың қысымы зерттеудің басында болған деңгейге қайта оралған.

Ацетаминофен деп те аталатын парацетамол температураны төмендету мақсатында орташа ауырсыну кезінде қолданылады. Препарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маңызды дәрі-дәрмектер тізіміне кіреді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.