АНА МЕН БАЛА ОРТАЛЫҒЫНДА ДӘРІ ТАПШЫ

2 445
Бүгінгі таңда  Қызылорда облыстық Ана мен бала орталығында дәрі-дәрмек жеткіліксіздігі орын алуда, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Үстіміздегі жылы Қызылорда облысының денсаулық саласында түрлі кемшіліктер орын алуда. Сол жаңалықтардың қатарын «Облыстық Перинаталды орталық» жаңа жиһаздың ашылуын дәріптеп жатса, бұл жолы дәрілік заттың жоқтығын әлеуметтік желі тұтынушылары жарыса жазуда. 

Ана мен баланың өміріне араша болатын білдей «Облыстық перинаталды орталықта» дәрілік препараттардың жоқтығы қалай? Жаңа босанған әйел үшін ең қажетті дәрілік заттың болмауына кім жауапты? Облыс орталығы бола тұра қажетті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ете алмағандығы, Облыстық Денсаулық Сақтау Басқармасы басшылығының немқұрайлығы ма? Жыл соңындағы дәрілік заттардың есебі мен жыл басына деген жоспардың болмауы дәрігерлік тараптың салғырттығынан туындағаны ма?
Біле білсек, орталықта табылмаған дәрінің атауы – Окситоцин. Ол жатырдың етті қабығының (миометрийдің) жиырылуына және желіннен сүттің бөлінуіне әсер ететін гипоталамустың нейрогормоны. Бұл гормон іштегі нәрестені, төлді туу кезінде толғақты, яғни жатыр қабырғасының ырғақты да қатты жиырылуын қамтамасыз ететін күшке ие. 


Осы орайда, қаламыздың тұрғыны әлеуметтік желі қолданушысы


«3- сәуірде Ана мен бала орталығына жұбайым түскен болатын. Окситоцин дәрісінің жоқтығына байланысты өзіңіз 10 ампула тауып әкеп беріңіз деген болатын.  Қолдан жасап жатыр ма, әлде шынымен жоқ па? Қызылорда облысы бойынша дәрінің жоқтығы түсініксіз болып отыр.»,- деді Алмас Нұрғалиев.

Алайда, жаңа босанған ана үшін егілетін дәрі 1 немесе 2 ампула салынатындығын ескерген жөн. Ал, негізсіз 10 ампуланы сұратылғандығы алдағы уақытта тексерілетіндігін жеткізді. 


Қызылорда Облыстық Перинаталдық Орталығы, ұсынған статистикаға жүгінсек, босанған әйелдер саны  2020жылы – 11 565болса, 2021 жылы -12 255 адамға артқан. Демек, біздің облысымзда бала туу көрсеткіші жоғарылаған. Осыған орай қазіргі таңда қол жетімсіздік тудырып отырған «Окситоцин»-ге   2021 ж. 40 000  ампулаға сұраныс берсе,  2022 жылға 48 000 ампулаға сұраныс жібергендігі мәлім болды. Өткен жылдан қалған дәрінің құрамы 7560 ампула наурыздың 10 күндігіне ғана жеткендігі расталып отыр.  


Босанушы әйел денсаулығына  өте қажет, бағасы арзан препарат «Облыстық перинаталды орталық» дәрігерлерінің айтуынша, республика бойынша жоқ екендігін жеткізді. Соған қарамастан, алдағы уақытта 
«Окситоцин 5ЕД /мл 1мл дәрісімен қәзіргі уақытта толық қамтамасыз ету мүмкіндігі болмай отыр. «СК-Фармация» ЖШС-мен аталған дәрілік затымен келісім шарт жасалынған және жеткізу графигі бойынша сәуір айының 12 жұлдызына  екі айлық қажеттілік 4000 ампулаға келісім шарт жасалынып, қазіргі таңда күтілуде.»- деді  Облыстық перинаталдық орталығы ШЖҚ МКК дәріхана меңгерушісі  Тұрар Отаралиева.

Аталмыш дәрілік зат Ресей елінен өндірілетіндіктен саяси жағдайға байланысты кешіктіріліп жатқандығы да сөз етілді.

АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ