Қытайдан тағы бір жұқпалы вирус шықты
211
Гуанчжоуға Кениядан келген науқастан BA.2.12.1 омикронының жаңа нұсқасы анықталды. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мәлім етті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
CCDC мәліметтері бойынша, сәуір айының соңында Найробиден (Кения) Гуанчжоуға келген 27 жастағы науқасқа 14 күндік карантин кезінде омикронның BA.2.12.1 нұсқасы диагнозы қойылған. Омикронның жаңа нұсқасы әлемнің кем дегенде 23 елінде тіркелген.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы елдерді омикронның жаңа қосалқы нұсқасына байланысты жағдайдың ушығуын бақылауға алуға және мұқият болуға шақырған болатын.
Өйткені, бұл омикронның басқа нұсқаларымен салыстырғанда, BA.2.1 иммундық қорғанысқа күшті қарсылық көрсетеді.
Тіпті, коронавирусқа қарсы үдеткіш екпелер алған адамдарға да ауыр соғуы мүмкін. BA.2.12.1 омикронының өткізгіштігі BA.2 омикрон штамының нұсқасына қарағанда 23-27%-ға жоғары болып шықты.