Бекшин Қазақстанға коронавирустың қашан "келетінін" тура бір жыл бұрын болжаған еді

335
Елімізде әлемді дүрсілкіндірген COVID-19 инфекциясының таралғанына бір жылдай уақыт болды. Тура бір жыл бұрын 10 наурыз күні сол кездегі еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамның қашан тіркелуі мүмкін екенін айтып, болжам жасаған еді. 
"Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында елімізде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. Бізде коронавирус пайда бола салысымен бірден арнайы шаралар қабылдайтын боламыз", - деп мәлімдеген еді Бекшин ОКҚ брифингісінде. 
Еліміздің сол кездегі бас санитарлық дәрігерінің болжамы бірден әлеуметтік желілерде тарап, мемге айналды. Оның әсіресе "наконец-то" деген сөзі көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын.
 Дегенмен Бекшиннің болжамы расталып, елімізде 13 наурыз күні алғаш рет коронавирус жұқтырған жандар тіркелді. Олар Германиядан елге ұшып келген әйел мен ер адам болатын.