Әділет вице-министрі қызметінен босатылды

440
Үкіметтің қаулысымен Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев ҚР Әділет вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Алмат Құрманғазыұлы Мадалиев 1986 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Джордж Вашингтон Университеті жанындағы Заң мектебін (АҚШ) тәмамдаған.

Еңбек жолын 2004 жылы «Жастар таңдауы» ҚҚ заңгер болып бастаған.

2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2010 жылғы қазан айынан бастап ҚР Әділет министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2019 жылдың наурыз айынан бастап – ҚР Әділет вице-министрі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.