Сенат сайлауының үміткерлері белгілі болды

621
2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін Сенат сайлауына еліміздің 20 өңірінен 20 депутат сайланбақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Еліміздің Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткен жылы 24 желтоқсанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де кандидаттарды тіркеу аяқталды.

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының сайлау комиссиялары Сенат депутаттарының 20 мандатына ұсынылған 130 үміткердің ішінен 66 кандидатты тіркеді.

Кандидаттар арасында 95,5 пайызы (63) - өзін-өзі ұсынушылар, ал 4,5 пайызын (3) мәслихаттар ұсынған.

Тіркелген кандидаттар қатарында 46 (69,7%) ер және 20 (30,3%) әйел адам бар.

Кандидаттардың арасында 4-еуі (6,1%) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қазіргі депутаттары, 15-і (22,7%) мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 29-ы (43,9%) мемлекеттік қызметшілер, 13-і (19,7%) коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 5-еуі (7,6%) қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Мамандығы бойынша: дәрігерлер – 3 (4,5%), инженерлер – 7 (10,6%), заңгерлер – 8 (12,1%), саясаттанушылар – 1 (1,5%), журналистер – 1 (1,5%), оқытушылар – 14 (21,2%), экономистер – 9 (13,6%), ауыл шаруашылығықызметкерлері – 10 (15,2%), басқалары – 13 (19,7%).

Кандидаттардың орта жасы - 51,8.

Ең көп кандидаттар Жамбыл облысы мен Алматы қаласында тіркелген: 5 үміткер.

4 кандидат Абай және Түркістан облыстарында, Астана, Шымкент қалаларында және қалған 14 облыста 3 кандидаттан тіркелген.

Осылайша, орта есеппен бір мандатқа – Парламент Сенатының депутаттығына 3 кандидат үміткер болып отыр.

Сонымен Сенат депутаттығына мына азаматтар үміткер:

Абай облысынан:

«Шығыстүстімет» ЖШС әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Кималидин Әпенов,

«Минералс» ТРР директорлар кеңесінің төрағасы Ерболат Әпсалямов,
«Эйкос» ЖШС даму жөніндегі директоры Анжела Маслова,
Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.

Ақмола облысынан:
Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова,
Ақмола облыстық білім басқармасы жанындағы «Bolashaq saraiy» мекемесінің басшысы Айнагүл Балташева,
Ақмола облыстық мәсихатының хатшысы Талғат Жүнісов.


Ақтөбе облысынан:
Ақтөбе облысы бойынша «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауова,
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің проректоры Рахым Бекназаров,
Ақтөбе облыстық мәслихатының хатшысы Амангелді Нұғманов.


Алматы облысынан:
Балқаш ауданының әкімі Ғалым Тоқпейісов,
Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаев,
Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертас.


Атырау облысынан:
«Жайық-Атырау бекіре өсіру зауыты» РМҚК директоры Ғылман Сәрсемалиев,
Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директоры Бағит Шеркешбаева,
Атырау облыстық мәслихатының депутаты Әлібек Наутиев.

Батыс Қазақстан облысынан:
Батыс Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Айболат Құрымбаев,
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің проректоры Ақылбек Сұлтанов,
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов.


Жамбыл облысынан:
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөлімі «Тірек мектебі» мекемесінің директоры Сұлтан Өсербаев
Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев.

Жетісу облысынан:
«Қоғамдық келісім» мекемесі директорының міндетін атқарушы Руфина Усанова,
Жетісу облысы әкімінің аппараты әдеп жөніндегі өкілі Ғабит Тұрсынбай,
Сенат депутаты Амангелді Төлемісов.


Қарағанды облысынан:
Қарағанды облыстық жеке сот орындаушылары палатасы басшысының орынбасары Мұрат Әбілов,
«Қарағанды облыстық кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина,
Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы Серік Өтешов.

Қостанай облысынан:
№2 емхана бас директорының міндетін атқарушы Самат Шүменбаев,
AMANAT партиясы Қостанай облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Жанар Құйшинова,
Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов.


Қызылорда облысынан:

Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Руслан Рүстемов,
«ҚазСушар» РМК Қызылорда облыстық филиалының басшысы Жорабек Нұрымбетов,
Қызылорда қаласының әкімі Асылбек Шаменов.

Маңғыстау облысынан:

«Идальго Ақтау» ЖШС-ның бас директоры Ирина Беляева,
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі мекемесінің басшысы Ғаббас Досатов,
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары – Бекбол Орынбасаров.

Павлодар облысынан:

Успенск ауданының әкімі Николай Дычко,
Павлодар облыстық аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Динара Айтжанова,
Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы Ернұр Айткенов.

Солтүстік Қазақстан облысынан:

«Солтүстік» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Жақсылық Есдәулетов,
«ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» СҚО филиалының директоры Лаура Қайыржанова,
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

Түркістан облысынан:
Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Ербол Орманов,
Ордабасы ауданы әкімі аппаратының басшысы Мирамбек Ақмұратов,
«AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сағынбек Асылбеков,
Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек.

Ұлытау облысынан:

Ұлытау аудандық мәслихатының хатшысы Ахат Құрмансейітов,
«Сәтбаев жылу-сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС директоры,
Сенат депутаты Советбек Медебаев.

Шығыс Қазақстан облысынан:
Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы Александр Светаш,
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Шәкәрім Бұқтығұтов,
«Өскемен өнеркәсіптік арматура зауыты» АҚ бас директоры Ержан Әшімов.

Астана қаласынан:
«Бейбітшілік пен келісім сарайы» нысанының басқарушысы Наримаш Мұхамбеталина,
«Астана-Жылутранзит» АҚ басқармасының төрағасы Бағдат Азбаев,
Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай.


Алматы қаласынан:
Алматы сервис және технология мемлекеттік колледжінің директоры Жарқын Жаниязова,
«Youthart» қоғамдық қорының директоры Кристина Бекмырзаева,
Алматы қалалық мәслихаты тұрақты комитетінің төрағасы Әсия Ақанова,
Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева,
«Алматы даму орталығы» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі Жанна Асанова.

Шымкент қаласынан:

Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының директоры Бауыржан Алтеев,
Шымкент қалалық мәслихаты тұрақты комитетінің төрағасы Альбина Елшиева,
Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров.