Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Гауез Нұрмұхамбетов 1968 жылы 11 шілдеде Қостанай облысы Қарасу ауданы Майский кентінде дүниеге келген.
1992 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "ғалым агроном" мамандығы бойынша, 2002 жылы Челябі мемлекеттік университетін "заңгер" мамандығы бойынша, 2008 жылы Қостанай инженерлік – экономикалық университетін "экономика бакалавры"мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1985 жылы Қостанай облысы Комсомол ауданы "Магнай" совхозының №1 бригадасының механизаторы болып бастады.
1992-1994 жылдары – Торғай облысы Октябрь ауданы Уильямс атындағы совхоздың бас агрономы.
1994-1996 жылдары – Қостанай облысы Қостанай ауданы "Московский" совхозының бас агрономы.
1996-1997 жылдары – Қостанай облысы Комсомол ауданы "Боскольское" КП атқарушы директоры.
1997-2002 жылдары – Қостанай облысы Таран ауданының әкімі.
2002-2008 жылдары – Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі.
2008-2009 жылдары – Қостанай облысының Қостанай қаласының әкімі.
2009-2011 жылдары – "Достастық "өтк"ЖШС директорының орынбасары.
2011-2012 жылдары – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі.
2012-2014 жылдары – Қостанай қаласының әкімі.
2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2015-2023 жылдары – Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары.
2023 жылғы 25 қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі.