Елбасы елорда атауының өзгеруіне қатысты пікір білдірді
230
Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің құрметіне елорда атауының өзгертілуіне қатысты пікір білдірді.
6 шілдеде Қазақстанда "Qazaq: history of the golden man" деректі фильмінің премьерасы өтті, сұхбатты "Оскар" сыйлығын алған режиссер Оливер Стоун жүргізіп, фильмге өзі продюсер болған.
Сұхбат барысында Елбасы Қазақстан астанасында болған өзгерістерді таныстыра отырып, бірнеше жыл бұрын бұл жер дала болғанын айтты.
"Қазір қала тұр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Стоунға.
"Иә, сіздің қалаңыз. Оны Нұр-Сұлтан деп атаған сіз бе?", - деп сұрады Стоун.
"Мен мұны қаламадым. Дауластым, қалаған жоқпын", - деп мәлімдеді Елбасы.
"Ал сіз қалаға қандай атау бергіңіз келді?"- деп сұрады танымал режиссер.
"Астана болды, мен солай атадым. Астананы қазақшадан орысшаға аударғанда "столица" болады. Бірақ президент (Қасым-Жомарт Тоқаев – Sputnik) қалаға оны құрушының есімі берілуі керек деп шешті", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 20 наурызында ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде елдің астанасын "осы қаланы салған адамның" құрметіне атауды ұсынған болатын. 23 наурызда Астана ресми түрде Нұр-Сұлтан болып өзгертілді.
Айта кетейік, 2006 жылдан бері жыл сайын 6 шілдеде елорда күні ретінде атап өтіледі. Ол мемлекеттік мереке, сондықтан қазақстандықтар бұл күні демалады.
Бұл күні еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің туған күнін атап өтеді. Ол биыл 81 жасқа толды.