Бұдан былай шенген визасына өтінішті онлайн тапсыруға болады

2 504

Шенген визасын алуға өтінішті онлайн тапсыруға болады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Еуропалық кеңес жаңадан екі қаулы қабылдады. Соған сәйкес, ЕуроОдақта арнайы платформа құрылады. Азаматтар осы платформа арқылы Шенген визасына қажетті құжаттардың электронды көшірмесін жүктеп, визалық төлем жасай алады.


Дегенмен, Шенген визасына бірінші рет өтініш беретіндер мен био-метрикалық мәліметтері ескірген азаматтарға консулдықтар мен елшіліктерге баруға тура келеді. Қаулыға сәйкес, қазіргі визалық жапсырманың орнына енді сызықшалы код басылады. Жаңа ереже сандық визаны жасау платформасы дайын болғанда күшіне енеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.