Президент мемлекеттік сапармен Катарға барды

2 531

Фото: АқордаПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев Катарға мемлекеттік сапармен барды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тоқаевты Дохадағы "Хамад" халықаралық әуежайынан Катардың әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни қарсы алды. Мемлекет басшысын күтіп алу кезінде құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.


Рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары әуежайдың мәртебелі меймандар залында қысқаша пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев 14 ақпан күні Катар мемлекетінің әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни және премьер-министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізеді.


Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр. Сондай-ақ президент қазақ-катар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысады және осы елдің бизнес капитандарымен бірқатар кездесу өткізеді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.