Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді
320
Премьер-министр Асқар Мамин індетке шалдыққандардың көбеюіне байланысты әкімдер мен министрлерге тапсырма берді.
"Дельта штамның таралуына байланысты өңірлерде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Республика бойынша вирус жұқтыру айтарлықтай көбейген. Ауруханадағы орындар санының 56 проценті, ал реанимациялық орындардың 44 проценті толық", – деді Мамин үкімет отырысында.
Ол пандемиядан шығудың жалғыз жолы вакциналау екенін тағы бір мәрте еске салды.
Айтуынша, қазіргі таңда 5,5 миллиондай адам вакцинаның бірінші компонентін және 4 миллионға жуығы екінші компонентін алды.
"Бұл жұмысты жалғастыру қажет", – деді премьер.
Мамин өңір әкімдері мен денсаулық сақтау министрлігіне барлық аурухана, бастапқы пункт, мобильді бригадалар мен ПТР-зертханалардың үздіксіз жұмыс істеуін, дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының жеткілікті болуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Сондай-ақ ішкі істер және денсаулық сақтау министрліктеріне мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді бұйырды.