Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі қамауға алынды

379
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі екі айға қамауға алынды.
Темір Сариев 30 қыркүйекке дейін қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторында болады. Бұндай шешімді Бішкектің Бірінші Май аудандық соты шығарған. "Күдікті Темір Сариевке сотқа дейінгі тергеу кезеңінде, яғни 30 қыркүйекке дейін қауіпсіздік комитенінің тергеу изоляторында қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды",-делінген хабарламада. Сариев 3 тамызда "Құмтөре" ісі бойынша құқық қорғау қызметкерлеріне ұсталды. Ол 2015 жылдың мамырынан 2016 жылдың сәуіріне дейін Қырғызстан премьер-министрі қызметін атқарды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.