Үкімет аппараты басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен Аян Мағзұмов үкімет аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Аян Мағзұмов 1987 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Экономист" мамандығы бойынша, Шеффилд университетін (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы бастаған. Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің сарапшысы, Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль көлігі департаментінің бас сарапшысы, премьер-министрі кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінің бас сарапшысы қызметтерін атқарды. Премьер-министр кеңсесінің индустриялық-инновациялық даму бөлімінде бірқатар қызмет атқарған. 2023 жылғы ақпаннан бастап – Үкіметі аппаратының нақты секторды және өңірлерді дамыту бөлімінің меңгерушісі. 2024 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Үкіметі аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі.