АЭС бойынша референдум туралы Үкімет қаулысының жобасы қабылданды

2 125

Фото: ҮкіметҮкімет АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум туралы қаулы жобасын қабылдап, Президентке жолдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдумға бастамашылық жасау және "Республикалық референдумды өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын қарауға шығаруды ұсынамын. Референдум арқылы Қазақстан азаматтары тұрақты, тиімді және көміртексіз энергия көзіне негізделген еліміздің болашағы туралы шешім қабылдай алады", - деді Энергетика министрі.

Премьер-Министрдің сөзінше, әлемдік тәжірибе атом энергетикасы экономиканың көптеген салаларында инновацияларды қолдануға ынталандыратынын көрсетті.

"Әрі отандық өнеркәсіптің дамуына да үлкен серпін береді. Сондықтан біз өзімізде баламасы жоқ тұрақты және сенімді энергия көзінен тыс қала алмаймыз", - деді ол.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.