ТМҰ өкілдері Нью-Йоркте кездесті

2 367

© пресс-служба МИД КазахстанаТүркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сыртқы істер министрлері Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінде бас қосты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

 Нью-Йорктегі кездесуде ұйым аясындағы ынтымақтастықтың тереңдеп, өзара байланыстың артатыны айтылды. Еліміздің сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу түркі интеграциясының халықаралық деңгейдегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, тараптар қарашада Бішкекте өтетін Ұйымның XI Саммитіне дайындық мәселелерін де пысықтады. Онда Түркі әлемінің бірлігін күшейте түсуге бағытталған Бішкек декларациясы мен өзге де маңызды құжаттар қабылданбақ. Айта кетейік, еліміз ұйымның төрағасы ретінде 80-нен астам іс-шара өткізді. Солардың бірі көпшіліктің ықыласына бөленген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары.

 Мерей Мұқажан, Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары: - Өздеріңіз білесіздер Қазақстан бұл ұйымның құрушы елі. Қазақстан бастамасымен құрылған болатын түркі мемлекеттері ұйымы. Біз Ыстамбұлдағы хатшылықта осы түркі әлемін жандандыру тұрғысынан жұмыс істеп жатырмыз. Биыл біздің 15 жылдығымыз аталып өтіледі. Соған да қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы түркі бірлік күніне орайластырылған Анкарада үлкен іс шарамыз жоспарланып отыр.





OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.