Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

2 490

Фото: Қызылорда облысының әкімдігіҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің үкімімен Шермағанбет Мейрамбек Зинабдинұлы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

М. Шермағанбет 1972 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Тарих», «Экономика», Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген, педагогика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1994 жылы Жаңақорған ауданындағы № 239 мектептің тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2001-2016 жылдары Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, облыстық білім беру, тілдерді дамыту жөніндегі басқармалардың басшысы, Қызылорда облысы бойынша білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы жауапты қызметтерін абыроймен атқарған.

2016-2021 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.

2022-2023 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасының басшысы, 2023 жылдың шілде айынан бастап Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бұған дейін Қазалы ауданының әкімі қызметін атқарды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.