Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов тағы бір қызметке сайланды

2 572

Фото: facebook.com/muratabenМәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Оқу-ағарту министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz"  Педагог-KZ порталына сілтеме жасап. 

Қоғамдық кеңес мүшелері дауыс беру арқылы мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновті төраға етіп сайлаған.

Жиынға қатысқан оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қоғамдық кеңеске 600 мыңға жуық педагогтың, 22 мың білім беру ұйымының және 4 миллионнан астам білім алушының мүддесін қолдау мен қорғау жүктелгенін атап өткен.  

Мәжіліс депутаты Facebook-тегі парақшасында Қоғамдық кеңес төрағасы етіп бірауыздан сайлаған кеңес мүшелеріне алғыс айтып, артқан сенімді ақтауға тырысатынын жеткізді.



"Әкем 42 жыл мұғалім болған, Қызылордада Жамбыл атындағы мектеп директоры болды. Өз мамандығым педагог – математик информатик. Қызметімді Қызылорда қаласында информатика пәні мұғалімнен бастап, қалалық білім беру бөлімінің (ГорОНО ) инспекторы, мектеп-лицей директорының оқу-тәрбие бойынша орынбасары дейін сатылап атқардым.

Кейін білім саласындағы қызметімді Астанада ҚР БҒМ вице министр болып жалғастырдым. Алтынсарин атындағы академияда, "Өрлеу" АҚ жұмыс тәжірибием бар. Жастарды оңтүстіктен солтүстікке оқу гранттары арқылы "жұмсақ" миграциялау "Серпін" жобасы менің бастамам. Биыл 12 жыл болады, 50 мың бала грантпен оқуға түсті", - деп жазды мәжіліс депутаты.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.