Тоқаев Кипр президентіне І дәрежелі "Достық" орденін табыстады

2 514

Фото: Stan.kzМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кипр президенті Николас Христодулидисті   бірінші дәрежелі “Достық” орденімен марапаттады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Кипрдің Қазақстанның Еуропа Одағымен байланысын дамытуда әрдайым қолдау көрсетіп келе жатқанын айтқан. 

“Осы уақыт ішінде екі ел арасындағы қарым-қатынас едәуір нығайды. Астана мен Никосияда елшіліктер ашылып, тұрақты байланыс орнатылды. Президент Никос Христодулидистің Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапары Ларнака мен Астана арасындағы алғашқы тікелей әуе рейсінің іске қосылуымен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның символдық мәні ерекше. Біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ниеттіміз. Бұл екі халықтың да мүддесіне сай келеді”, – деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Кипр басшысы екіжақты қатынастардың дамуына елеулі үлес қосып келеді.

“Мен мұны жоғары бағалаймын. Осыған байланысты бүгін Президент Никос Христодулидиске І дәрежелі "Достық" орденін табыстадым. Бұл марапат – қазақ халқының Сізге және Кипр жұртына деген ерекше құрметі мен шынайы ықыласының белгісі”, – деді мемлекет басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.