Тоқаев Алматыда Біріккен ұлттар ұйымының өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойды

2 512

Фото: depositphotos.comМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда БҰҰ-ның өңірлік орталығын құру туралы заңға қол қойған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі. 

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму саласындағы мақсаттар жөніндегі өңірлік орталығына қатысты өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

Құжатта Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Өңірлік орталығын құру қарастырылған. Бұл орталық Орталық Азия елдері мен Ауғанстанда Тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету және оларды жүзеге асыруды үйлестірумен айналысады.

Айта кетейік, орталық жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады, ал оның қызметін консультативтік кеңес пен Халықаралық консультативтік комитет үйлестіретін болады.

 Бағдарламаларды іске асыру үшін Қазақстан БҰҰ-ға 2025-2029 жылдар кезеңінде жыл сайын 3 млн доллардан бөлуді жоспарлап отыр. Құжатты ратификациялау өңірлік ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.

Еске салсақ, осыған дейін Тоқаев Алматыда Біріккен ұлттар ұйымы университетінің өңірлік филиалын құруды ұсынған еді. 

Тоқаев Қазақстанның халықаралық аренадағы абыройы ел ішіндегі жетістіктерімен тікелей байланысты екенін мәлімдеді. Президенттің сөзінше, тиімді дипломатияның өзегінде дәл осы жауапты ішкі саясат жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.