Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вольфганг Кроппен кездесті

340
Нұр-Сұлтан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Svevind Group компаниясының президенті Вольфганг Кроппты қабылдап келіссөз жүргізді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Svevind Group неміс-швед компаниялар тобының басшысы Қазақстан Президентіне «жасыл» энергетика саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың  перспективалары туралы айтты.
Атап айтқанда, Маңғыстау облысында жел және күн электр станцияларының құрылысына қатысты жобаны іске асыру керектігін, сонымен қатар ресурстарды «жасыл» сутегі өндірісіне бөлу жоспарланып отырғанын айтып алға тартты. Сонымен қатар жел генераторлары мен күн энергиясын өндіретін панельдерді жергілікті жерде шығару керектігін айтты. 
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңартылатын қуат көздерін пайдалануға және ел экономикасындағы көміртегіне тәуелділікті төмендетуге басымдық беретінін айтты. Оның пікірінше, сутегі энергетикасына арнайы назар аудару керек. 
Мемлекет басшысы компанияның ұсынған инвестициялық ұсыныстарына оң баға беріп, Вольфганг Кроппқа мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.