Құрылтай өз тарихын бастады – Президент сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды

2 511

Фото: АқордаҚазақстанда бір палаталы Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. Бұл туралы Жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға дайындықты және оны өткізуді ұйымдастырсын. Қазақстан Республикасының Үкіметі, астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды ұйымдастырушылық,  материалдық -техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды кідіріссіз қабылдасын", – делінген жарлықта. 

1 шілдеден бастап Қазақстанда 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституция күшіне енді.

Екі палаталы Парламент тарих қойнауына кетіп, оның орнына Құрылтай құрылды. Ол бірыңғай жалпыұлттық сайлау округі бойынша аумақтық пропорционалды өкілдік жүйесімен сайланатын 145 депутаттан тұрады. Депутаттардың өкілеттік мерзімі – бес жыл. Құрылтай төрағасы лауазымына кандидатураны президент ұсынады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.