Мұнай зауыты салынады. Бірақ қайда?

2 506

Фото: okg.kzҚазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов елде салынуы мүмкін төртінші мұнай өңдеу зауытына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, жаңа мұнай өңдеу зауыты (НПЗ) Маңғыстау, Атырау, Ұлытау немесе Түркістан облысында салынуы мүмкін. Алайда зауыттың нақты қай өңірде бой көтеретіні әзірге түпкілікті шешілген жоқ.

Бұған дейін Ерлан Ақкенженов төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысы 2026 жылы басталмайтынын айтқан еді. Оның сөзінше, мұндай ірі жобаны жүзеге асыру ұзақ уақытты талап етеді.

"Бұл өте ұзақ процесс. Біз жылына 10 миллион тоннаға дейін мұнай өңдейтін зауыт туралы айтып отырмыз. Шымкент мұнай өңдеу зауытын кеңейту жобасымен салыстыратын болсақ, жобалық құжаттарды дайындаудың өзі шамамен екі жылға созылады", – деген еді министр.Құрылыс 2027-2028 жылдары басталуы мүмкін бе деген сұраққа Ақкенженов "Меніңше, иә" деп қысқа жауап берген.

Бұған дейін, 17 ақпанда өткен үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жаңа мұнай өңдеу зауытының бастапқы қуаттылығы жылына 10 миллион тонна мұнай болатынын мәлімдеген еді. Сол кезде төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін екені де айтылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.