Тоқаев ТМД елдерін вакцинация паспорттарын өзара мойындауға шақырды

341
ТМД мемлекет басшыларының онлайн кеңесінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзге елдердің басшыларын вакцинация паспортын өзара мойындауды жылдамдатуға шақырды деп- хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.  

"ТМД елдері аумағында вакцинация паспорттарын өзара мойындауды жылдамдатуды ұсынамын. Бұл өзара сенім мен ынтымақтастықтың маңызды сәті. Біз осындай шешім қабылдай отырып, азаматтардың еркін қозғалысын қамтамасыз етеміз және іскерлік байланыстарды жандандырамыз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Көптеген елдің шекарасынан өту үшін қазақстандықтардан вакцина паспорты болса да, ПТР анықтама көрсетуді талап етеді. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі ресейлік "Спутник V" вакцинасын салдырғанына қарамастан, Ресейге кіру үшін ПТР тесттің теріс нәтижесі қажет. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.