Бағлан Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

254

Үкіметтің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған. Қ.А. Яссауи атындағы атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М. Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ бітірген.

Мамандығы бойынша біліктілігі – есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.

Еңбек жолын 2006 жылы жекеменшік компанияда бағдарламашы лауазымынан бастаған.

2008-2016 жж. – "ҰАТ" АҚ құрылымында түрлі лауазымдар атқарды.

2016-2017 жж. – коммерциялық ұйымның техникалық директоры болды.

2017-2020 жж. – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының орынбасары.

2021 жылғы қаңтардан ақпанға дейін "ҰАТ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдың шілде айынан бастап жекеменшік компанияның бас директоры болып жұмыс істеді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.