Қазынадан ең көп қаржы алатын Түркістан, ең көп беретін Атырау

401
2022 жылға бекітілген республикалық бюджеттен қай өңірлер қанша қаражат алатыны белгілі болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Экономикада да донор және реципиент ұғымдары бар. Яғни бюджетке ақша құятын донор әзірге 2 облыс пен 2 қала болып отыр. Ең көбі Атырау облысы 220 млрд теңге аударса, одан кейін Алматы қаласы 211 млрд тең
ге. Қалған екі донор Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысы.

Ал қалған өңірлер түгел республикалық бюджетке тәуелді. Ең көп алатын Түркістан облысы – 402 млрд теңге. Тіпті бұл облыс басқаларға қарағанда екі есе көп қаражатқа иек артып отыр.  Одан кейін ШҚО - 217 млрд, Жамбыл – 194 млрд теңге қолқалаған.

Бір қызығы қазынадан ең көп қаржы алған үштік саяси сахнада салмағы бар ескі гвардия өкілдері. Бюджет ақшасы бөлініске түскенде, экономикалық ахуал ғана емес, әкімнің беделі де әсер ететінге ұқсайды.   
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.