Әлішер Өмірзақ Сауда министрінің баспасөз хатшысы болып тағайындалды

485
Әлішер Өмірзақ ҚР Сауда және интеграция министрі қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Әлішер Өмірзақ 1998 жылы Жамбыл облысы Луговой ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін филология мамандығы бойынша тәмамдаған.

Ақпарат саласындағы қызметін республикалық «Астана» телеарнасында тілші болып бастады. Кейіннен кешкі жаңалықтар жүргізушісі атанды. Президенттік пул журналистері қатарында болған. Сондай-ақ 

«Radio N-S» және «Orda FM» радиосында диктор болып жұмыс істеді.
Баспасөз саласындағы қызметін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде бастады. ҚР ЭГТРМ баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.