Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр - баспасөз хатшысы

443
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Әрине, Президент Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен өткен кездесуде талқыланды. Мемлекет басшысы келіссөз қорытындысы бойынша "жақсы жанжалдан, жаман болса да бітім артық" екенін айтты. Басқаша айтқанда, ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөздердің жалғасқанын жақтайды. Президенттің айтуынша, еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанған жөн, оның үстіне бұл қағидат 2010 жылы қабылданған ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы мәтініне де енгізілген", - деді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, 10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Мәскеу мен Қазан қалаларына жұмыс сапарымен барды. Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.