Женевада Қазақстанның БҰҰ кіруінің 30 жылдығына орай шара өтті

424
Салтанатты шараға қатысушылар Қазақстанның беделді халықаралық ұйымындағы еңбегінің маңызын атап өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы мен халықаралық құқық қағидаттарынан айнымай, әрі қарай да дүниежүзілік ұйымның орны мен беделін нығайтуға өз үлесін қосуға ниетті. Бұл туралы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруінің 30 жылдығын атап өту рәсімінде БҰҰ мен Женевадағы өзге халықаралық ұйымдардағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ерлан әлімбаев мәлімдеді.
Салтанатты шараға БҰҰ мен өзге халықаралық мекемелердің жоғары лауазымды тұлғалары, қарусыздану, адам құқықтары мен халықаралық сауда салаларының сарапшылары мен дипломаттар қатысты.

 Татьяна Валовая, БҰҰ Женевадағы бөлімінің бас директоры
:

Ең алдымен Қазақстан халқына табыс, гүлдену мен бейбітшілік тілеймін. Осы 30 жылда Қазақстан БҰҰ-ның өте беделді мүшесіне айналды. Көпжақты ынтымақтастық, қарусыздандыру, тұрақты даму мақсаттарына зор үлесін қосты. Қазақстан алаңында көптеген процестер өткен. Оның арасында Сириядағы жағдайды реттеу де бар, оның бір бөлігі Қазақстан алаңында өткенін білеміз. Сондықтан өз ерікмен ядролық қарудан бас тартып, қарусыздандыру бағытында тиісті шаралар қабылдап жатқан мемлекет ретінде Қазақстанның рөлі өте маңызды

Ольга Алгаерова, БҰҰ ЕЭК атқарушы хатшысы:

БҰҰ құрамына кіруінің 30 жылдығына орай Қазақстан халқы мен билігін құттықтап, жылы лебізімді білдіргім келеді. Біз түрлі салада сіздердің министрліктеріңізбен тығыз еңбек етіп келеміз. Бұл – қоршаған орта, энергетика, көлік, сауда мен статистика. Қазақстан осы бағытта өте белсенді. Біздің Су конвенциясын жүзеге асыру және төрағалығы кезінде республикаңыз зор үлес қосты. Тұрақты дамудың құралы болумен қатар, бейбітшілік сақтау, жанжалдардың алдын алу мен адамдардың аман-саулығының құралы ретінде Орталық Азияда судың маңызы зор


Қазақстанның халықаралық бастамаларына көрсеткен қолдауы және халықаралық сахнада еліміздің орның нығайтуға қосқан үлесі үшін ядролық қаруға тыйым салу бойынша халықаралық компанияның атқарушы директоры Беатрис Фин, Женевадағы қауіпсіздік саясаты орталығының бөлім басшысы Марк Фино және БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінде лингвистикалық қызметінің бұрынғы басшысы Айдар Шаяхметов медальмен марапатталды.

 Марк Фино, Женевадағы қауіпсіздік саясаты орталығының бөлім басшысы:

Қазақстан бірінші болып ядролық қарудан бас тартты, қарусыздандыру, халықаралық ынтымақтастық пен бейбіт өмір сүру ісіне зор үлесін қосты. Өкінішке орай, бұрынғыша өмір сүргісі келетін елдер бар екенін көріп тұрмыз. Өз еркіне көндіру үшін ядролық қаруы жоқ елдерге күш қолданып жатыр. Сарапшылар мен дипломаттар Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде төрағалығының қорытындылары және Адам құқықтары бойынша БҰҰ Кеңесіндегі қазіргі мүшелігінің  маңызын атап өтті.