Қазақстанның оңтүстігін сумен қамтамасыз етуге басымдық беріледі - Үкімет басшысы

465
ҚР Үкіметінде Су кеңесінің алғашқы отырысы өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Су кеңесінің алғашқы отырысын өткізді, отырыста Қырғыз Республикасымен электр энергиясымен тауар алмасу және Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Қазақстанда су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Су кеңесі құрылды. Кеңес су шаруашылығы саласындағы саясаттың ұлттық басымдықтары мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.

Қазақстан мен Қырғызстан тараптары электр энергиясы және сумен қамтамасыз бойынша тауар алмасу туралы өзара тиімді шарттарда уағдаластық жасасты.

«Қазақстанның оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз етуге басымдық беріледі. Әлеуметтік тыныштық пен азаматтардың әл-ауқаты – Үкіметтің негізгі міндеті. Бұл мәселе ерекше бақылауда», – деді Ә. Смайылов.

ҚР Энергетика министрлігіне Қазақстанда электр энергиясының тапшылығына жол бермеу және сұр майнингке қатысты қатаң шаралар қолдану тапсырылды.

«Сұр» майнерлерді мәжбүрлі түрде өшіру керек»,– деді ҚР Премьер-Министрі.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.