Бердібек Сапарбаев: Қызметке шақырса дайынбыз

283
Бірнеше облысты басқарған белгілі саясаткер Бердібек Сапарбаев жақында президентпен не үшін кездескенін айтып берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz порталына сілтеме жасап.  

«Ондай әңгімелер көп. Менің Қасым-Жомарт Кемелұлына келгендегі мақсатым – жалпы ол кісінің берген тапсырмалары қалай орындалып жатқаны (...) Аз да болса, тәжірибеміз бар. Өз ойымды, пікірімді бөлістім. Оны енді мемлекет басшысы қабылдады. Ұсыныс ешқандай жоқ. Өз үйімде бала-шағаммен (...)», - деді Бердібек Сапарбаев.

Ол сонымен қатар «қызметке шақырса барасыз ба?» деген сұраққа жауап берді.

«Қызметке шақырса, көреміз. Егер менің тәжірибем, білімім Отан үшін керек болса, әрине. Отан үшін, халық үшін қызмет етуге дайынбыз. Облыстарға ешқандай бармаймын. Оны айтпай-ақ қойыңыз», - деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.