Келесі айда Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

499

Фото: Ақорда прессАқорда Үкімет отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов шілде айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

"Алдымыздағы шілде айында мемлекет басшысының төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Онда еліміздің бірінші жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын қортындылаймыз. Сондай-ақ инфляция мен инвестициялар мәселелері көтерілетін болады. Барлық министр мен әкім осы отырысқа дайындалуы керек", - дейді премьер-министр.


Әлихан Смайылов алты айдың қортындысы үш жаңа облысты қоса отырып, 20 өңір бойынша жасалынатынын жеткізді.

Еске салсақ, өткен сенбіде мемлекет басшысы жаңадан құрылған Абай, Жетісу, Ұлытау және Алматы облысының әкімдерін тағайындаған болатын. Енді Ұлытау облысын Берік Әбдіғалиұлы, Абай облысын Нұрлан Ұранхаев, Жетісу облысы Бейбіт Исабаев, Алматы облысын Марат Сұлтанғазиев басқарады.