Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
114
Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.
Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдару ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетсек, Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері мыналар:
1. Президентке елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру, осы салалардағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу;
2. Президент үшін:
соғыс жағдайын енгізу, ұзарту, күшін жою;
төтенше жағдай енгізу, ұзарту, күшін жою;
бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану бойынша шешімдердің жобаларын әзірлеу;
3. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындау болып табылады.