Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

554

Фото: Ақорда прессМемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Президенттер түрлі саладағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын стратегиялық серіктестік пейілде талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Самарқанд қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібін қарастырды.

Әңгіме басында Мирзиёев Тоқаевқа Қостанай облысындағы орман өртіне байланысты қолдау білдіріп, төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында кез келген көмек көрсетуге әзір екенін айтқан. 
Президенттер Өзбекстан-Қазақстан қатынасын әрі қарай нығайту мәселелерін, стратегиялық серіктестік пен одақтастық, екі жақты әріптестіктің басым бағыттарында практикалық қарым-қатынасты кеңейту мәселелелерін талқылады. 
Әңгіме кезінде сауда, өнеркәсіп, энергетика және транспорт пен логистика, ауыл шаруашылығы сынды экономика салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.