Орталық сайлау коммисиясы алғашқы кандидат құжатын қабылдады

419

Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткер алғашқы кандидаттың құжаттарын қабылдады. «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы атынан ұсынылған Мейрам Қажыкен бүгін сайлау комиссиясына тиісті заңда талап етілетін бірқатар құжатын тапсырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Мейрам Қажыкен Павлодар облысының тумасы, экономика ғылымдарының докторы, жасы 61-де. «Ынтымақ» партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың жетекшісі. Ол – елде өтетін кезектен тыс президент сайлауына ұсынылған үшінші кандидат. Мемлекеттік тіл білімінен емтихан тапсыруға дайындалып жатқанын айтты. Президенттікке үміткер ретінде өңірлерден 120 мың қол жинауға да сенімді екенін жеткізді.


"Ең алдымен, әлеуметтік әріптестікті дамыту керек. Әлеуметтік әріптестік. Мені кәсіподақтар ұсынып отыр ғой, бірақ кәсіпордақтар жалғыз өздері көп іс-шараны былай көтере алмайтын шығар. Өйткені оларға тағы әріптестікке жұмыс берушілер керек, кәсіпкерлер керек. Кәсіпкерлер және жұмыс берушілер тіл табысып жұмыс істесе, әрине көп өзгерістер болады Қазақстанда. Азаматтық қоғамды құрастыру керек. Азаматтық қоғам мықты болу керек" - «Аманат» Қазақстан кәсіподақтарының достастығы» РКБ мүшесі Мейрам Қажыкен