“Шыдамның да шегі бар” Қызылордалық депутат қала әкіміне шүйлікті

5 750
Қызылорда қалалық мәслихат депутаты Ерлан Мұсаев облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевқа ашық үндеу жариялады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
 



Қалалық мәслихат депутаты өзінің
Facebook желісіндегі парақшасында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Мәшбекұлына ашық үндеуін жариялады.


Құрметті Нұрлыбек Машбекұлы!
Екі жылдан бері қалалық мәслихатта депутат болып отырмын, азаматтарды қоғамдық қабылдаудың қорытындысы бойынша бүгінгі күнге дейін бірде-бір мәселе шешілген жоқ. ӘДІЛЕТТІ және ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА депутаттар шешілген мәселелерге оң дауыс беру үшін ғана керек деген ой туындайды. Қала әкімі Асылбек Шәменов мырза бастаған ұжым қала тұрғындарының жан айқайына қашан жауап береді? Қала әкімдігімен кері байланыс қашан орнатылады?- делінген.




Сонымен қатар халық қалаулысы бір емес бес бірдей кемшіліктер мен олқылықтарды тізбектеп өткен. Атап айтқанда, әуежай жанындағы ПМК саяжайларына апаратын жолға қатысты сұрақты бірнеше рет көтергенімен нәтиже бермегендігін, қала әкімшілігі тарапынан кері байланыстың жоқтығын да жасырмады.
Сонымен қатар, бүгінде 300-ден астам үйі бар Саяжай аумағында, Сүлейменов пен Әйтеке би көшелеріндегі, тіпті қала орталығында орналасқан көпқабатты үйлерде  асфальт төселмегендігін атап өтті.
Расында демеушілер тарапынан ұйымдастырылып жатырған көңілді кештер мен ойын алаңдарының салынуын сұраған әкімдік жол жүргізіп беруін неге сұрамасқа?




Депутат тарапынан қала мен Шанхай бетті байланыстыратын Майлықұм көшесінің бойына су тарту мәселесін қайта-қайта көтергенімен ол да оңтайлы нәтиже бермегендігін аңғаруға болады.


«Шанхай аймағының бір бөлігі сусыз қалуы мүмкін. Жоба жасалды, бірақ сараптама 2 жыл бойы жүргізіліп жатыр.  Оның үстіне қала әкімі етіп, Сіз тағайындаған  Шәменовтің бұл жайдан хабары жоқ деп сеніммен айта аламын.», - деген жазбада. 

Халық жанашырының айтуынша, жергілікті тұрғындар қазірдің өзінде қала әкімінің «Бірігіп жасаймыз» деген қалыпты тіркесін жиі айтуда.
 



Тәуелсіз Қазақстанда 30 жылдан бері, қаланың қақ ортасында тұрып жатқан тұрғындар күз-қыс мезгілінде ауласына топырақ илеуге мәжбүр. Біздің халық қызметшілері әлеуметтік мәселелерді шешуді
білмейтіндіктен, Елбасымен кездесуді іздеу керек пе?
 
2021 жылы 7-ші шақырылымның депутаттары келгенде бізге бюджет сізден бұрын жасақталып қойғанын айтты. Біз 2022 жылдың бюджетіне азаматтардың өтінішіне сәйкес өз ұсыныстарымызды еңгіздік. Биылғы жазда бізге республикалық бюджеттен 3 миллиард және 6 миллиардтан астам қаржы аударылғанын жеткізді. Алайда, неге екені белгісіз облыс әкімдігінің өкілдері мен депутаттар бізге ескертпестен таратып жібергенін айтты. Біз атап өткен бірде-бір сұрақ ескерілмеді. Осыдан сұрақ туады, сонда бәрін бізсіз шешетін болсаңыз, ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА маслихат депутаттарының керегі не?!-дейді Ерлан Мұсаев.



2021-2022 жыл маусымдық абаттандыру мәселесі мүлде сәтсіз болған. Сессияда техникалық шарттарды қарауға қатысты Асылбек Өмірбекұлына жеке сұрақ қойдым. Әлі күнге дейін жауап жоқ қыркүйек өтіп қазан болды. Тағы да әкімнен кері байланыс жоқ.  Кейде меніңше, біздің шенеуніктердің көгалдандыру құралдарын ескі әдіспен меңгергені ыңғайлы сияқты, өйткені қазынаға 50 миллион теңгені қайтару керек болған кәсіпкер қаржыны қайтармағаны қалай? Тағзым, Қорқыт-Ата алаңын қараңыз. Депутаттық сауал бойынша жұмыс бітті деп ашық жауап беріп, 2-форманы көрсетеді! Шынымды айтсам мұндай заңсыздықты күтпедім!  Нұрлыбек Мәшбекұлы, бұл менің айтайын дегенімнің аз ғана бөлігі! Сіз мені білесіз, мен әрқашан өзара сыйластық болған кезде барлығымен бірге жұмыс істеуге тырысамын. Бізде тік билік бар және ол туралы бәрі біледі. Егер қала әкімі мәселемізді шешпесе, мені қабылдауыңызды көпшілік алдында сұрайтындығын жеткізген.